Қауіпті маневрлер — назарда: Абай облысының тасжолдарында әуе патрулі жұмыс істеп жатыр

    Бейнебақылау пультінің экранында тасжолдың биіктен түсірілген көрінісі: көлік қозғалысы, жолақ ауыстыру, басып озу сәттері. Патрульдік полиция қызметкерлері жол бойында қызмет атқарып жатқанда, дрон операторы қозғалысты әуеден бақылап отырады. Абай облысында жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары қолданылуда.

    Мұндай шолу көліктердің қозғалыс бағытын бақылауға және маневр жасау ережелерін бұзу деректерін анықтауға мүмкіндік береді. Полицейлер әсіресе жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіретін жүргізушілердің әрекеттеріне ерекше назар аударады.

    Жолдағы әрбір қауіпті шешім адам өміріне қатер төндіруі мүмкін. 2026 жылдың басынан бері Абай облысында болған жол-көлік оқиғаларынан 86 адам қаза тапқан. Сондықтан тасжолдардағы бақылау жұмыстарының қатарында алдын алу шаралары да жүргізіліп, жүргізушілерге қауіпті маневрлердің, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың және көлікті мас күйінде басқарудың салдары түсіндірілуде.

    Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар барысында әкімшілік жауапкершілікке:

    Жалпы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар барысында қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 221 жүргізуші, жолаушыларды тасымалдау талаптарын сақтамағаны үшін 12 384 жүргізуші, ал көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін 592 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ маневрді оның қауіпсіздігіне толық көз жеткізгеннен кейін ғана жасауға шақырады.

    Бірнеше минут үнемдеу адам өмірінен қымбат емес!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары