Темекі тұқылын тастап, кетіп қалды. Абай облысында бейнебақылау камералары нені тіркейді

    Жаяу жүргінші темекі тұқылын тротуарға тастап, әрі қарай жүріп кетеді. Бірнеше секундқа ғана созылған бұл әрекет бейнебақылау камерасына түсіп қалады. 2026 жылдың басынан бері Абай облысындағы бейнебақылау камералары қоғамдық орындарды ластауға қатысты 1,3 мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеген.

    Бейнежазбалардан өзге де келеңсіз әрекеттер байқалған. Атап айтқанда, кейбір азаматтардың тротуарға түкіріп, қоғамдық орындарда дәрет сындырған сәттері түсіп қалған. Бұл заң бұзушылықтарды полицейлер бейнебақылау жүйесінің көмегімен анықтаған.

    Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында жүргізілген рейдтер барысында полицейлер 11 805 құқық бұзушылықты анықтаған. Сондай-ақ осы кезеңде өңірде 80 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, жойылған.

    Абай облысы Полиция департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын темекі тұқылдары мен ұсақ қоқыстарды қоқыс жәшіктеріне тастауға, ал тұрмыстық қалдықтарды арнайы жабдықталған контейнер алаңдарына шығаруға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары