АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ҚАР ЖАУЫП ЖАТЫР: ПОЛИЦИЯ ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

    Абай облысында қар жаууына байланысты полицейлер жолдарда профилактикалық жұмыстар жүргізіп, жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын түсіндіруде.

    Жолда сақ болыңыз!
    Жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтаңыз.

    Жазғы шиналарды қысқы дөңгелектерге уақтылы ауыстырыңыз.

    Күрт тежеу мен қауіпті маневрлерден аулақ болыңыз.

    Көліктің тежегішін, жарық шамдарын және әйнек тазалағыштарын тексеріңіз.

    Қалың қар мен көктайғақ кезінде мүмкіндігінше алыс сапарды кейінге қалдырыңыз.

    Абай облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға шақырады!




    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары