Шет ауданы тұрғындарының назарына!
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Шет ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 12 қарашада сағат 11:00-де Ақсу-Аюлы ауылының мәдениет үйінде өтеді.
Тұрғындардан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 2-14-90 телефоны бойынша қалдыруға немесе электрондық пошта арқылы жіберуге болады [email protected].
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









