«Салбұрын – 2026» ұлттық спорт жарысына шақырамыз!

    Ардақты ағайын!

    Құрметті ұлттық спорт жанашырлары!
    Сіздерді халқымыздың қанына сіңген, қастерлі құсбегілік өнерін қайта жаңғыртуға бағытталған «Салбұрын – 2026» ұлттық спорт жарысына шақырамыз!

    Ұлттық өнердің дүбірлі додасы 21 қараша күні Шет ауданының Кеншоқы ауылында өтеді!
    Жарыс барысында бүркіт, қаршыға және ителгі құстарымен сайыстар ұйымдастырылып, саятшылық өнердің саңлақтары өз шеберліктерін ортаға салады.
    Бұл – атадан балаға аманат болып жеткен бекзат өнерімізді ұлықтау, ұлттық құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңіру әрі дала рухын асқақтату!
    Ендеше жеті қазынамызды төрге оздырып, асыл тұқымды тазылардың таласты тартысынан, көк жүзінде қырандар қалықтап, қаршыға шарықтаған саятшылық думанынан қапы қалмаңыздар ағайын!

    Баршаңызды ұлттық өнеріміздің ұлық мерекесінде асыға күтеміз✨

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шет ауданының әкімдігі" жаңалықтары