Өткізілген сайлау қорытындысы бойынша Рассвет ауылдық округінің әкімі сайланды

    1 / 2

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 3-тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы және 2026 жылғы 8 қарашада өткен Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде

    Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сайлау комиссиясының № 11111 шешімімен Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің сайланған әкімі болып тіркелді:

    Шайменов Абай Қабиұлы

    Шайменов Абай Қабиұлы 1965 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Архангельское ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша білім алған.

    Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. Құрылыс саласында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

    2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметке кірісіп, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Рассвет ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары