Өткізілген сайлау қорытындысы бойынша Лесной ауылдық округінің әкімі сайланды

    1 / 4

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 46-бабының 3-тармағына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы және 2026 жылғы 8 қарашада өткен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде

    Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сайлау комиссиясының № 11111 шешімімен Қызылжар ауданы Лесной ауылдық округінің сайланған әкімі болып тіркелді:

    Колесников Сергей Сергеевич

    Колесников Сергей Сергеевич 1981 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы, бұрынғы Бішкөл ауданының Бішкөл ауылында дүниеге келген.

    Екі жоғары білімі бар: «Экономист-қаржыгер» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.

    2003 жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда, жер қатынастары бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Якорь ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Петропавловский Бройлер» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеген.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары