Адал еңбек пен қоғамға қызмет етудің он жылдығы

    1 / 10

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 10 жылдық мерейтойына орай салтанатты іс-шара өтті.

    Іс-шараны Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Азат Ибраев ашып, ұйымның қызмет еткен жылдары ішінде айтарлықтай даму жолынан өткенін, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізіп, алдына қойылған міндеттерді іске асыруға үлес қосқанын атап өтті. Мерейтой – қызметкерлерге адал еңбегі, кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғыс білдіруге жақсы мүмкіндік болды.

    Мерекелік іс-шара аясында ұйымның қызметіне елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.

    Еңбек жетістіктері мен кәсіби еңбегі үшін қызметкерлерге медальдар, аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ директорының Алғыс хаттары, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті басшысының Грамотасы табысталды.

    Марапаттау рәсімі ұжымның еңбегі мен жетістіктерінің лайықты бағаланғанының көрінісі болды. Әрбір марапат – күн сайын өз білімін, тәжірибесі мен күш-жігерін ортақ іске арнап жүрген жандарға көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі.

    Ұжымды мерейтоймен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыстар, тұрақтылық, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылжар ауданының әкімдігі" жаңалықтары