Құрметті Қызылжар ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді 2026 жылғы 31 қазанда сағат 09:00-де Бескөл ауылында өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз.
Өтетін орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылы, Институтская көшесі, 1А, «Парасат» мектеп-лицейі стадионының аумағы.
Жәрмеңкеде жергілікті өндірушілердің жұмыртқа, сүт және ет өнімдері, көкөністер, картоп және басқа да азық-түлік өнімдерінің кең ассортименті ұсынылады. Сонымен қатар, жергілікті өндірушілердің мал азығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда шөп, сабан, астық қалдықтары және басқа да мал азығы түрлері сатылады. Баршаңызды жәрмеңкеге белсенді қатысып, жергілікті өндірушілердің өнімдерін сатып алуға шақырамыз!








