Қарағандыда тонау дерегі ашылды: ұсталған азамат қолды болған мүлікті ломбардқа өткізіп үлгерген

    Қарағандыда тонау дерегі ашылды: ұсталған азамат қолды болған мүлікті ломбардқа өткізіп үлгерген. Қарағанды қаласының ПБ қызметкерлері қарт әйелді тонап кеткен қылмыскерді ізін суытпай ұстады. Оқиға қала көшелерінің бірінде болған. Қаскөй мойнына алтын алқа таққан 63 жастағы әйелді байқап қалып, алдына шығып, әшекейді жұлып алған да оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші дереу полицияға көмек сұрап жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол 39 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жауап алу кезінде күдікті жасаған ісін мойындап, бұл қадамға ақшаның жетіспеушілігінен барғанын түсіндірді. Бөтеннің мүлкін иемденген ол ұрланған затты бірден ломбардқа өткізіп жіберген. Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезеңінде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары