Көршінің ұрлығы: Бұқар жырау ауданының тұрғыны зейнеткердің картасынан ірі көлемде ақша жымқырды

    Көршінің ұрлығы: Бұқар жырау ауданының тұрғыны зейнеткердің картасынан ірі көлемде ақша жымқырды. Бұқар жырау ауданы Ғ.Мұстафин кентінің полиция бөліміне 66 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Зейнеткер өзінің ұрлық құрбаны болғанын, Kaspi банк картасынан жинаған қаражаты жоғалғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 240 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қысқа мерзімде қылмыскердің ізіне түсті. Күдікті жәбірленушінің 37 жастағы көршісі болып шықты. Алдын ала мәліметтер бойынша әйел зейнеткердің шотында ақша бар екенін білген. Ол көршісінің сенімін теріс пайдалып, төлем картасын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта аталмыш факт бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары