Банк қызметкерінің телефонын ұрлаған күдікті бейнекамера арқылы анықталды

    Банк қызметкерінің телефонын ұрлаған күдікті бейнекамера арқылы анықталды. Қарағанды қаласындағы банктердің бірінде ұялы телефон ұрлығы тіркелді. Күдікті банк қызметкерінің сәттік алаңдауын пайдаланып, жұмыс үстелінде жатқан телефонды жасырын түрде алып кеткен. Оқиға сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаларды зерделеп, жедел-іздестіру шараларын жүргізген Киров полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады. Ол 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұрлық салдарынан телефон иесіне 300 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілген. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары