ЖАҢБЫРҒА ҚАРАМАСТАН ҚЫЗМЕТТЕ: СЕМЕЙ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУДЕ

    Бүгін Семейде жаңбыр жауып, жол қозғалысы қиындай түсті. Бір күнде 7 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

    Абай мен Шәкәрім көшелерінің қиылысында бағдаршам істен шыққан кезде патрульдік полицейлер қозғалысты қолмен реттеп, жүргізушілердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті.

    Ал Шугаев көшесінде №634 патрульдік экипаж дөңгелегі жарылып, жолда тоқтап қалған Lada Priora жүргізушісіне көмек көрсетті. Кептеліс туындамас үшін көлік қозғалысын да реттеді.

    Жаңбырда да, боранда да, аптап ыстықта да — патрульдік полиция әрдайым қызметте!

    Полиция жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жылдамдықты азайтып, арақашықтық сақтауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары