Маңғыстау облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда.
2026 жылдың 10 айында Полиция департаментінің «102» жедел басқару пультіне 290 234 хабарлама келіп түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға аз.
Бейнебақылау камераларының көмегімен 320 қылмыс ашылып, 56 436 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, «Таргитай» тұлғаны тану жүйесі іздеуде жүрген 1 615 адамды анықтап, олардың 101-не қатысты тиісті шаралар қабылданды.
Қазіргі уақытта облыс аумағында Ақтау және Жаңаөзен қалаларында екі жедел басқару орталығы, сондай-ақ аудандарда бес аумақтық жедел басқару пункті тәулік бойы жұмыс істейді.
Цифрлық технологияларды енгізу полиция жұмысының тиімділігін арттырып, құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді.
Цифрлық бақылау – қоғамдық қауіпсіздіктің маңызды құралы!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









