«Қарасора» және «Канал» жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегін анықтады.
Жедел іс-шара барысында полицейлер 48 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Opel Vectra автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде ақ түсті қораптың ішінен өсімдік тектес, марихуанаға ұқсас зат салынған екі полиэтилен пакет табылды.
Тәркіленген заттың жалпы салмағы шамамен 2 келі 355 грамды құрады.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Наркологиялық куәландыру нәтижесінде жүргізуші мен көлікте болған жолаушының ағзасынан каннабиноид метаболиттері анықталған. Осыған байланысты екі азаматқа қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Полиция есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









