1 / 2
«Бізден сұраңыз. Біз қасыңыздамыз» атты ақпараттық-профилактикалық акция аясында Мұнайлы ауданының орталығында ақпараттық жұмыстар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, тұрғындар көп шоғырланатын орындардағы LED экрандарға және көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарға көрінетін тұстарына ақпараттық билбордтар орналастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу, құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтарға полиция қызметінің қолжетімділігін көрсету және полиция мен халық арасындағы өзара сенім мен байланысты нығайту.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Полиция – халыққа жақын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









