Бейнеуде полиция ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    1 / 16

    10 қараша – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ардагерлері мен зейнеткерлері күніне орай Бейнеу ауданы Полиция бөлімінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

    Іс-шараның басты мақсаты – ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыройлы қызмет атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсету.

    Жиын барысында бөлім бастығы, полиция подполковнигі Ғабидолла Құсаинов ардагерлерді мерекемен құттықтап, олардың полиция қызметінің қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Сондай-ақ бірқатар ардагерге төсбелгілер мен алғыс хаттар табыстап, көп жылғы адал еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

    Өз кезегінде ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Теміржан Тажмұханов әріптестеріне ізгі тілегін жеткізіп, ардагерлердің бай тәжірибесі мен өнегелі өмір жолы жас буын үшін әрдайым үлгі екенін атап өтті.

    Ардагерлер – полицияның бүгінгі жетістіктерінің негізін қалаған, адалдық пен абыройдың, тәртіп пен жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен тұлғалар. Олардың ел алдындағы еңбегі мен өнегелі жолы әрдайым құрметке лайық.

    Салтанатты шара естелік суретке түсумен аяқталды.

    Ардагерге құрмет – ел тарихына құрмет, ұрпаққа өнеге!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары