Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті апталық аппарат мәжілісі өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы, сондай-ақ ауданның рейтингтік көрсеткіштеріне қол жеткізу барысы талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Асқар Көлбай баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы мәлімет берді.
Жиын барысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, кіріс көздерін ұлғайту және белгіленген рейтингтік көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Сонымен қатар әрбір көрсеткіш бойынша жұмысты жүйелі ұйымдастырып, межеленген міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









