Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауданның Құрметті азаматтары Мырзахмет Темірбеков пен Уәлихан Ұзақовты арнайы қабылдап, оларды еліміздің жоғары мемлекеттік наградаларының бірі – «Құрмет» орденімен марапатталуларымен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы қос азаматтың елге сіңірген еңбегіне, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесіне ерекше тоқталып, олардың өмір жолы мен азаматтық ұстанымы кейінгі буынға үлгі екенін атап өтті.
– Сіздер саналы ғұмырларыңызды ел қызметіне арнап, туған жердің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қостыңыздар. Еңбектеріңіз еленіп, мемлекет тарапынан жоғары марапатқа ие болуларыңыз – барша отырарлықтар үшін үлкен қуаныш. Бұл – көп жылғы адал қызметтеріңізге көрсетілген лайықты құрмет, – деді аудан әкімі.
Қабылдау барысында Қайрат Жолдыбайұлы қос азаматтың иықтарына зерлі шапан жауып, құрмет көрсетті.
Айта кетейік, Мырзахмет Темірбеков пен Уәлихан Ұзақов 25 қазан – Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградамен марапатталған болатын.
Ел игілігі жолындағы елеулі еңбектерімен танылған азаматтарға көрсетілген бұл құрмет – өскелең ұрпаққа өнеге әрі туған жерге қызмет етудің жарқын үлгісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









