Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 30 қазан мен 6 қараша аралығында өткен ел біріншілігіне еліміздің үздік былғары қолғап шеберлері қатысты.
Байрақты бәсекеде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 8 медаль иеленді. Нәтижесінде өңір құрамасы 2 алтын, 4 күміс және 2 қола жүлдені жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы жарыста 65 келі салмақ дәрежесінде Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, 75 келіде Аман Қонысбеков және 90 келіде Сағындық Тоғамбай финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Ал +90 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрлан Сапарбай чемпионаттың қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасындағы бәсекеде Ұлжан Сәрсенбек 57 келіде, ал Шұғыла Нәлібай 75 келіде қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар 70 келі салмақ дәрежесінде Аружан Жаңабаева күміс медаль иеленсе, 48 келіде өнер көрсеткен Айым Танқыбаева қола жүлдеге қол жеткізді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









