Түркістан қаласындағы Қолөнершілер орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру және тұрғындарды қолжетімді бағадағы отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында кезекті жәрмеңке өтті.
Сауда алаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның және жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылды. Азық-түлік тауарлары нарықтағы бағадан 20–30 пайызға төмен сатылып, тұрғындарға тиімді бағамен сауда жасауға мүмкіндік берді.
Жәрмеңкеде картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат секілді көкөністермен қатар ет және сүт өнімдері де саудаланды.
Мұндай жәрмеңкелер азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтауға, халықтың әлеуметтік жағдайын қолдауға және жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін делдалсыз, тікелей тұтынушыларға ұсынуына мүмкіндік береді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









