СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ӘДЕП МӘСЕЛЕЛЕРІ.

    1 / 4

    2026 жылғы 6 қарашада Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Жиын барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау және оның алдын алу бағытындағы бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жарияланатын ақпараттың мазмұнына жауапкершілікпен қарау, қызметтік әдеп талаптарына қайшы келетін мәліметтерді таратпау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киім үлгісін сақтау қажеттігі түсіндірілді.

    Жиын қорытындысында Тексеру комиссиясының төрағасы әрбір мемлекеттік қызметшінің заң талаптары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтап, өзіне жүктелген міндеттерді әділ, таза және жауапкершілікпен орындауы қажеттігін атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы" жаңалықтары