«ВСАМ Продакшн» ЖШС үшінші жыл қатарынан Күршім ауданындағы ауылдық отбасыларды қысқа тегін көмірмен қамтамасыз етіп келеді.
Биыл Маралды ауылдық округінің тұрғындарына 354 тонна көмір жеткізілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп: Маралды ауылы - 200 тонна, Үшбұлақ ауылы - 90 тонна, Қыстау-Күршім ауылы - 64 тонна.
Көмір көлемі Маралды ауылдық округі әкімі аппаратының өтініші бойынша анықталып, толық жеткізілді. Әр үйге жылу жетуі үшін көмірді тұрғындардың өздері бөліп береді.
Бұл көмек ынтымақтастық туралы меморандумда көзделген міндеттемелерден тыс көрсетіліп отыр. Соған сәйкес компания Күршім ауданының дамуына бес жыл ішінде 2,5 млрд теңге, яғни жыл сайын 500 млн теңге инвестиция салады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









