8 қарашада Зайсан қаласы мен Күршім ауылында ҚР ҰҚК ШҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне қарасты Зайсан және Күршім аудандары бойынша Шекара басқармаларында «Күз –2026» әскери шақырылымының жас сарбаздары Әскери ант қабылдау рәсімін өткізді.
Салтанатты іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚР ҰҚК ШҚ ШҚО бойынша департаментінің басшылығы, Зайсан және Күршім шекара басқармаларының командирлері, жас сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Биылғы «Күз–2026» шақырылымында Астана, Шымкент қалаларынан және Алматы, Қызылорда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан келген 600-ден астам жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге серт берді.
Ант қабылдау рәсімі саптық алаңда салтанатты жағдайда өтті. Іс-шара барысында әскери қызметтің абыройы мен жауапкершілігі туралы айтылып, жас сарбаздарға алдағы қызметтерінде табыс пен шыдамдылық тіленді.
Әскери ант - бұл тек рәсім ғана емес, елге деген адалдықтың, патриоттық рух пен рухани беріктіктің айқын көрінісі. Бүгін ант қабылдаған жас сарбаздар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау жолындағы жауапты қызметке қадам басты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








