Шығыс Қазақстанда 2–8 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Облыстың барлық өңірінен аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары атанған 450-ден астам жас зерттеуші 12 секция бойынша бақ сынады.
Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан жас дарындар өз жобаларын филология, тарих, техникалық және жаратылыстану ғылымдары, медицина мен психология, технология және өнер, туризм мен спорт бағыттары бойынша ұсынды.
Қатысушылардың жұмыстарын облыстың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарынан құралған білікті қазылар алқасы бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша 225 оқушы жүлделі орындарға ие болып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Жүлдегерлер тізіміhttp://www.shygysdaryn.kz/сайтында жарияланған.
Жеңімпаздарды, олардың ұстаздары мен ата-аналарын құттықтаймыз! Қатысушыларға алдағы уақытта толағай табыстар тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









