ЖОЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК АДАМДАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

    Алматы облысы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушілердің шаршауына байланысты жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған ерекше профилактикалық акция өткізді.

    Таңсәріде, ұйқы қысуы мен шаршау айқын сезілетін уақытта, полицейлер жүргізушілердің назарын аудару және оларға аз уақыт тынығып алуға мүмкіндік беру мақсатында жолдың жүру бөлігін жасанды түрде тарылтты.

    Әрбір жүргізушіні полиция қызметкерлері ықыласпен қарсы алып, хал-жағдайын сұрады. Қажет болған жағдайда қауіпсіз жерде демалуды ұсынып, су, ыстық шай мен кофе ұсынды.

    Кейбір жүргізушілер полицейлердің өздері ұсынып тұрған салқын сумен жуынып, сергіп те алды. Осындай қарапайым әрекет олардың бойын сергітіп, жолды әрі қарай жалғастыруға дайындалуына көмектесті.

    Басты мақсат - жол қозғалысына қатысушыларға рөлде отырған кезде шаршау мен ұйқышылдықтың қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екенін еске салу. Тіпті бірнеше минуттық демалыстың өзі адам өмірі мен денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарады.

    Полицейлер жүргізушілерге ұйқымен күресіп, көлік басқаруды жалғастырмауға кеңес береді. Егер шаршағаныңызды сезсеңіз, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, тынығып алыңыз. Өйткені жол қауіпсіздігі әр адамның жауапкершілігінен басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары