«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ҮШ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТІ БІРІКТІРГЕН АЛҒАШҚЫ «АУЫЛ ҚОРҒАНЫ» БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

    Іле ауданының Нұрғиса Тілендиев ауылында ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Ауыл қорғаны» пилоттық жобасы іске қосылды. Алматы облысында алғаш рет үш жедел қызмет: полиция, өрт сөндіру бөлімшесі және жедел медициналық жәрдем бір ғимаратқа біріктірілді.

    Жаңа жұмыс форматы оқиғаларға жедел ден қоюға, шұғыл қызметтердің жету уақытын қысқартуға және ауыл тұрғындары үшін қажетті көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Жаңа бекет жұмысында полиция қызметіне ерекше орын берілген. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрақты болуы қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейтуге, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысын жандандыруға және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

    Жоба Алматы облысы әкімінің қолдауымен және жеке инвесторлардың қаржыландыруымен жүзеге асырылды. Бастаманың маңыздылығы бүгінде 20 мыңға жуық адам тұратын Қараой ауылдық округі халқының қарқынды өсуімен байланысты.

    Іс-шара аясында жаңа нысанның материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Hyundai Staria жедел жәрдем көлігі мен Kia Sorento патрульдік автокөлігінің кілттері табысталды.

    «Ауыл қорғаны» бекетінің ашылуы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға және кез келген қауіп-қатерге уақтылы ден қоюға бағытталған «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асырудағы маңызды қадам болды», - деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев.

    Үш жедел қызметтің бір орталыққа бірігуі ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырып қана қоймай, ауылдық аумақтардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    «Жобаның басты мақсаты - тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір тұрғынның қажетті көмекті дер кезінде алып, өзін қауіпсіз сезінуіне жағдай жасау», - деп толықтырды полковник Әбікеев.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары