ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТТІ

    Алматы облысының барлық аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды күшейтті.

    «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында полицейлер көшелерде, қоғамдық орындарда және автомобиль жолдарында күшейтілген патрульдеу жұмыстарын жүргізуде. Бұл ретте ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін құқық бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударылуда.

    Профилактикалық жұмыс барысында азаматтардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген бірқатар құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Құқық бұзушыларға қатысты заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.

    Алкогольдік масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға және ықтимал қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға ерекше көңіл бөлінуде.

    Айта кетерлігі, өткен түнде Алматы облысының аумағында алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстар тіркелген жоқ. Бұл күшейтілген профилактикалық жұмыстың, патрульдеу шараларының және полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесі.

    Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты негізде жалғасуда.

    Полицияның басты міндеті - құқық бұзушылықтарға жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, өңір тұрғындарының тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Заң мен тәртіп әр азаматтың жауапкершілігінен басталады!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары