Халықаралық қарттар күніне орай біз ауылымыздың ардақты қарияларын мерекелік дастархан басына жинап, қуанышпен қарсы алдық. Алайда денсаулық жағдайына байланысты мерекелік кездесуге келе алмаған қарияларымыз да болды. Біз оларды назардан тыс қалдыра алмадық. Сондықтан өзіміз арнайы үйлеріне барып, хал-жағдайларын біліп, шағын естелік сыйлықтар табыстадық. Өйткені қарттарымызға деген құрмет пен қамқорлық тек мереке күнімен шектелмеуі керек. Олардың ақ батасы мен жылы жүзінен артық ештеңе жоқ. Барша ардақты қарияларымызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарына шаттық пен береке тілеймін! Ізгі ниетпен, Саратовка ауылдық округінің әкімі.
b40514d132be8d85b54ddb2d885ced8229664accdedd6d64c5f42b8cb2f65e23_original.4989792.mov
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






