Қарттар күнін өткізу туралы

    Саратовка ауылдық округінде 2026 жылғы 15 қазанда Қарттар күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік бағдарлама аясында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ақ дастарқан жайылып, қонақтарға дәм ұсынылып, мерекелік дастарқан басында жылы жүздесу мен ізгі тілектер айтылды.

    Іс-шара барысында Саратовка ауылдық округінің әкімі мен округ депутаты құттықтау сөз сөйлеп, ардақты ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тіледі.

    Қарияларымыз – халқымыздың алтын қазынасы, өмірлік тәжірибесі мен өнегесінің қайнар көзі. Оларға құрмет көрсету – баршамыздың ортақ парызымыз.

    Барша қарияларымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаттық пен мол бақыт тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары