2026 жылғы 6 қазанында Саратовка ауылдық округінің ауылдарында округ әкімі Манапов Азамат Қадырбайұлының округ тұрғындарымен кездесулері өтті. Кездесулерге учаскелік полиция инспекторы Ескендиров А.М., Ұлан аудандық мәслихатының депутаты Тулегенов И.У., «Коммунальник» КМК өкілдері, медицина қызметкерлері және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты. Кездесу барысында тұрғындар елді мекендерді абаттандыру және санитарлық жағдайы, коммуналдық қызмет көрсету, жолдардың жай-күйі, көшелерді жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, медициналық қызмет көрсету және басқа да тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді көтерді. Көтерілген барлық мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер мен жауаптар берілді. Қосымша қарауды және шешуді қажет ететін мәселелер бақылауға алынды. Саратовка ауылдық округінің тұрғындарына кездесулерге белсенді қатысқандары, туған ауылдарының дамуы мен абаттандырылуына бейжай қарамай, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіргендері және сындарлы диалог үшін алғысымызды білдіреміз.
Округ әкімінің тұрғындармен кездесуі туралы
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Қордай ауданының әкімдігіАшу
САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
«ӨНДІРІСТІК ПАРК» ЕКІНШІ КЕЗЕҢДЕГІ НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу
ХАБАРЛАНДЫРУ Теректі ауданының Қоғамдық кеңесінің 20-ші отырысын өткізу туралы
Теректі аудандық мәслихатыАшу
АРМАН АБДУЛЛАЕВ: ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Сарыағаш ауданы әкімінің аппаратыАшу

