"Құрметті азамат" атағын беру туралы

    Қазақстан Республикасы күніне орай Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде салтанатты концерт өтті. Мерекелік іс-шараға аудан әкімі Арман Бекбосынов қатысып, тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Салтанатты шара барысында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Саратов ауылдық округінің тұрғыны Оспанов Уралбек Төлегенұлына «Құрметті азамат» атағы берілді. Уралбек Төлегенұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Саратовка ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары