Талдықорған қаласында Жетісу облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы абаттандыру ережелерін бұзу дерегін анықтады.
33 жастағы жергілікті тұрғын Қабанбай батыр көшесіндегі «Фиалка» аялдамасының маңында орналасқан бағанаға жарнамалық парақшаларды заңсыз жапсырған.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жетісу облысының Полиция департаменті Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және қала тазалығын бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтеді.
Құрметті тұрғындар! Хабарландырулар мен жарнамалық материалдарды белгіленбеген орындарға жапсыруға тыйым салынатынын еске саламыз. Баршаңызды тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтауға, қала мүлкіне ұқыпты қарауға және абаттандыру ережелерін бұзбауға шақырамыз.
Қаланың тазалығы мен тәртібі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









