Жетісу облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызметкерлері күн сайын таңертең ерте білім беру мекемелерінің маңында қоғамдық тәртіпті сақтап, мектепке асыққан балалардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Әсіресе, жаяу жүргіншілер өткелдері мен көлік қозғалысы қарқынды жол учаскелеріне ерекше назар аударылады. Тәртіп сақшылары көлік қозғалысын реттеп, оқушылардың жолдан қауіпсіз өтуіне көмектеседі. Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қадағалап, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Мұндай профилактикалық шаралар кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және әрбір баланың мектепке қауіпсіз жетуіне бағытталған.
Жетісу облысының Полиция департаменті жүргізушілерді білім беру мекемелерінің маңында барынша мұқият болуға, жылдамдықты алдын ала төмендетуге және жаяу жүргіншілерге жол беруге шақырады.
Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









