АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ!

    1 / 3

    Ішкі істер органдары ардагерлерінің күніне орай Жетісу облысы Полиция департаментінің басшылығы ішкі істер органдары ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.

    Кездесу барысында департамент басшылығы саналы ғұмырын ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнаған ардагерлерге құрмет көрсетіп, көпжылдық адал қызметтері үшін алғыс білдірді.

    Жылы жүздесу барысында ардагерлер қызмет жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жас буынға ақыл-кеңестерін жеткізді. Сондай-ақ полиция қызметінің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы пікір алмасты.

    Департамент басшылығы ардагерлердің мол тәжірибесі мен өнегелі еңбек жолы жас қызметкерлер үшін әрдайым үлгі екенін атап өтіп, оларға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына амандық тіледі.

    Ардагерлерге құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ішкі істер органдарының игі дәстүрлерін жалғастырудың жарқын көрінісі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары