Талдықорғанда полиция қызметкерлері колледж студенттеріне профилактикалық дәрістер өткізді

    1 / 2

    «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері Талдықорған қаласындағы колледж студенттеріне профилактикалық дәрістер өткізді.

    Кездесулер барысында полиция қызметкерлері жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, буллинг, кибербуллинг, интернет-алаяқтық, нашақорлық және өзге де заңға қайшы әрекеттердің алдын алу мәселелерін түсіндірді.

    Әсіресе, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігіне, қоғамдық тәртіпті сақтауға және әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін ұстануға ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, студенттерге құқыққа қайшы әрекеттерге қатысудың салдары, жанжалды жағдайларды бейбіт жолмен шешудің маңыздылығы және қорқыту, қысым көрсету немесе құқықтары бұзылған жағдайда дер кезінде көмекке жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

    Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға, құқық қорғау органдарына деген сенімді нығайтуға және жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары