Жетісу облысында ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    1 / 4

    10 қараша күні Жетісу облысы Полиция департаментінде Ішкі істер органдары ардагерлерінің күніне орай «Заң мен тәртіп: аға буын өнегесі – жас буынға бағдар» атты салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік шара қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Жиналғандар олардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

    Салтанатты жиынға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қызметкерлері қатысты.

    Іс-шара барысында саналы ғұмырын ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арнаған ардагерлердің еңбегі ерекше атап өтілді. Департамент басшылығы аға буын өкілдеріне алғыс білдіріп, олардың мол тәжірибесі мен өнегелі жолы жас қызметкерлер үшін әрдайым үлгі екенін жеткізді.

    Көп жылғы адал қызметі мен ішкі істер органдарының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар ардагерлер алғыс хаттармен, құрмет грамоталарымен және Ардагерлер кеңесінің марапаттарымен наградталды.

    Мерекелік шара полиция қызметкерлерінің орындауындағы патриоттық әндер мен концерттік бағдарламамен жалғасты.

    Ішкі істер органдары ардагерлерінің күні – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аға буынның ерлік жолы мен кәсіби дәстүрлерін дәріптейтін маңызды мереке.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары