Жетісу облысында полицейлер дрондардың көмегімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерін анықтауды жалғастыруда

    1 / 2

    Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұшқышсыз ұшу аппараттарын белсенді пайдалануды жалғастыруда.

    Ерекше назар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекеттерді анықтауға аударылуда. Атап айтқанда, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпті басып озу, тұтас жолақ сызығын кесіп өту және қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін өзге де қауіпті маневрлер бақылауға алынған.

    Дрондарды пайдалану полицейлерге жолдағы жағдайды әуеден бақылауға, жүргізушілердің қауіпті әрекеттерін дер кезінде тіркеуге және құқық бұзушыларға қатысты заңда көзделген шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты мақсаты – құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және адам өмірін сақтау.

    Жетісу облысының Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерден бас тартуға және жол үстіндегі бір ғана қателіктің адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін екенін ұмытпауға шақырады.

    Жол қауіпсіздігі – әрбір жүргізушінің жауапкершілігі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары