12 қараша күні Жетісу облысында қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алуға арналған тағылымды іс-шара өтті.
2011 жылғы 12 қарашада Тараз қаласында аса қауіпті қылмыскерді ұстау барысында өз өмірін құрбан етіп, азаматтардың қауіпсіздігі үшін жанқиярлық ерлік көрсеткен полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың есімі ел жадында мәңгі сақталады.
Еске алу шарасына полиция қызметкерлері мен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысып, батырдың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Іс-шара барысында жас сақшыларға Ғазиз Байтасовтың ерлігі мен Отан алдындағы адал қызметі туралы айтылып, оның өмір жолына арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетілді.
Тағылымды кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ерлік пен батылдықты дәріптеу, сондай-ақ қызметтік борышына адалдықтың үлгісін көрсету.
Ғазиз Байтасовтың ерлігі – елге адал қызмет етудің, батырлық пен жанқиярлықтың мәңгілік үлгісі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









