«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің қызметкерлері І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараға Тергеу басқармасы, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары студенттерге құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік, интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірді.
Әсіресе, жастардың әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қылмыстық әрекеттерге тартылуының алдын алуға ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты жауаптар алды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралардың басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және студенттер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









