Жетісу облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шара өткізді.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары аумақты жиналып қалған тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын ұйымдастырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтау, қоғамдық орындарды ластамау және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
— Қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымыздың жауапкершілігімізден басталады. Басты мақсатымыз – ластанудың салдарын жою ғана емес, оның алдын алу және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, — деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Жетісу облысының Полиция департаменті «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті.
Полиция тұрғындар мен өңір қонақтарын тазалықты сақтауға, қоқысты бейберекет тастамауға және туған өлкенің табиғатын қорғауға өз үлестерін қосуға шақырады.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







