Талдықорғанда есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

    1 / 2

    Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері патрульдеу барысында есірткілік масаң күйде көлік басқару дерегін анықтады.

    Тексеру барысында Audi маркалы автокөліктің тізгінінде есірткілік масаң күйде болған 35 жастағы жергілікті тұрғын отырғаны белгілі болды.

    Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты жиналған әкімшілік материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданатын болады.

    Бұл құқық бұзушылық үшін жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Жетісу облысының Полиция департаменті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып табылатынын және жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін ескертеді.

    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынын ұмытпауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары