САРЫАҒАШ: ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 21
    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданында тазалық және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті сенбілік Жібек жолы ауылдық округінде ұйымдастырылды.
    Тазалық шарасы Жібек жолы елді мекенінен бастау алып, «Жібек жолы» кеден бекетінің маңын, республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойын, сондай-ақ елді мекеннің ішкі және орталық көшелерін қамтыды. Сенбілік барысында жол жиектері мен қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Сонымен қатар арамшөптер шабылып, арық-атыздар тазартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
    Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев қатысып, сенбілік жұмыстарына атсалысты. Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар мен еріктілер де белсенді қатысты.
    Апта сайын ұйымдастырылатын мұндай шаралардың басты мақсаты – елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығын арттыру.
    Тазалық – баршамызға ортақ міндет. Әрбір тұрғын қоршаған ортаның таза әрі көрікті болуына үлес қосса, туған өлкеміздің ажары арта түсетіні сөзсіз.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары