САРЫАҒАШ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРІ ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТАПТЫ

    1 / 14
    Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округ тұрғындарымен кездесті. Ашық форматтағы кездесуде аудан әкімі алдыңғы өткен жүздесуде айтылған мәселелер бойынша өңірде атқарылған жұмыстар легін баяндап, биылғы жоспарланған жобаларға тоқталып өтті.
    2026 жылы Тегісшіл ауылдық округі, Тегісшіл, Таскескен және Мәдениет елді мекендерінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және елді мекендерді абаттандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.Атап айтқанда, Таскескен елді мекеніндегі «Қ.Қалшатұлы» көшесінде спорт және воркаут алаңшасы салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау мақсатында шағын стадион мен балалар ойын алаңшасының құрылысы аяқталып, мамыр айында пайдалануға берілді.Елді мекенді жарықтандыру және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Таскескен ауылындағы «А. Омаров» көшесінде істен шыққан 34 дана көше жарықтандыру шамы жаңасына ауыстырылды.Тегісшіл елді мекенінде жол инфрақұрылымын жақсарту және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ш.Ибрагимов» көшесінің бойында жалпы ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолының құрылысы толық аяқталды.
    Мәдениет елді мекенінде тұрғындардың мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруына қолайлы жағдай жасау мақсатында 75 орындық жаңа ауылдық клуб ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.Сонымен қатар, ауылдық округ тұрғындарын әлеуметтік қолдау шаралары да назардан тыс қалған жоқ. Атап айтқанда, әлеуметтік көмекке мұқтаж 14 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.Аталған жұмыстар ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға, елді мекендердің көркеюіне және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.
    Кездесуден кейін өңір басшысы ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, әрбір мәселеге тоқталып, жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары