САРЫАҒАШ: ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ МАҢЫЗДЫ!

    1 / 19
    Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың тұрғындармен кездесуі Дарбаза ауылдық округінде жалғасты. Кездесуде аудан басшысы ағымдағы жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды баяндады.
    Ағымдағы жылы аудан аумағында бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Бүгінгі күні ауданда басқа да әлеуметтік нысандардың және инфрақұрылым саласы бойынша бірнеше нысандардың құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде,- деді Арман Айдарұлы.
    Дарбаза ауылдық округіндегі Құрысай, Тасқұдық және Сарысу елді мекендері табиғи газбен қамтамасыз етіліп, тұрғындар көгілдір отынға қол жеткізді.Дарбаза елді мекеніндегі «Ғ. Мұратбаев», «Ә. Жангелдин», «З. Мырзалиев», «Ж.Бүркілов» және «И. Сейітбеков» көшелерінің жалпы ұзындығы 3,2 шақырым болатын жолдарына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Қ. Қойгелді», «С. Мұқанов» және «Қажымұқан» көшелерінде, 51-разъезд және Құрысай елді мекендерінде балалар ойын алаңшалары мен воркаут алаңдары салынып, пайдалануға берілді.Ауылдық округтің инфрақұрылымын жақсарту мақсатында Дарбаза елді мекенінің бес көшесіне 177 жарықтандыру шамы орнатылып, қосымша 33 қондырғы қойылды, 7,5 шақырым СИП кабелі тартылды. Бұдан бөлек, 51-разъезд, Құрысай, Тасқұдық және Сарысу елді мекендерінің орталық көшелерін жарықтандыру жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.
    Сондай-ақ Дарбаза, Сарысу және Құрысай елді мекендерінде жасыл желектерді тамшылатып суару жүйесін орнату және қоршау жұмыстары жүргізілді.Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында Дарбаза елді мекеніндегі «Т. Әубәкіров», «Ә. Жангелдин» және «И. Сейітбеков» көшелеріне және 51-разъезд елді мекеніндегі «Жұлдыз» көшесіне шағал тас төселді. Әлеуметтік нысандарды жаңарту аясында Дарбаза елді мекеніндегі №63 жалпы білім беретін мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ бойынша әлеуметтік қолдау шаралары аясында 25 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. Аталған жұмыстар ауылдық округтің инфрақұрылымын дамытуға, елді мекендерді абаттандыруға және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
    Кездесуде әр тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан аудан басшысы әрбір ұсыныс пен өтініш хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүретінін айтты.
    Сарыағаш ауданы әкімнің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары