1 / 10
Сарыағаш ауданында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, жауапты сала басшылары мен тиісті мекеме өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Атап айтқанда ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері сондай-ақ Құркелес, Жібек жолы ауылдық округі әкімдерінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамалары тыңдалды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев Мемлекет басшысы айқындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыру барлық мемлекеттік органдардың ортақ міндеті екенін айтып, осы бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейтуді, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз етуді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









