2026 жылғы 5 қараша күні Мартбек Мамыраев ауылдық округіне қарасты Ақжол ауылында Қарқаралы ауданының әкімі Мусин Саят Қабиденұлының тұрғындармен есептік кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, өткен кезеңде атқарылған жұмыстардың нәтижелері және алдағы уақытқа жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берілді.
Жиын барысында ауыл тұрғындары елді мекеннің тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін жеткізді. Аудан әкімі тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берді.
Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындармен ашық пікір алмасу, халықтың талап-тілегін тыңдау және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру.
Осындай есептік кездесулер мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы өзара байланысты нығайтып, елді мекендердің әлеуметтік дамуына бағытталған жұмыстардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









