Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Мартбек Мамыраев ауылдық округі әкімі аппараты·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Қарқаралы қаласының спорт кешенінде Жастар, спорт, білім және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай ерекше балаларға арналған «Көңілді мәрe» сайысы өтті.
Аталған сайысқа 9 отбасы қатысып, шеңберге доп салу, доп лақтыру, қысқа қашықтыққа жүгіру және сурет салу бойынша бақ сынады.
Іс-шараның соңында сайысқа қатысқан барлық балаға естелік сыйлықтар табысталды.









