«Бірлік» спартакиадасы – бірлік, достық және салауатты өмір салты

    1 / 3

    Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Жарқайың аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Бердыгалиева Дина Нұрлановна «Бірлік» спартакиадасына қатысты.

    Спорттық іс-шара қатысушыларды ортақ мақсат – салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты нығайту және бұқаралық спортты дамыту жолында біріктірді.

    «Бірлік» спартакиадасы спорттық шеберлікті көрсетуге ғана емес, сонымен қатар өзара қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және достық байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін тамаша алаңға айналды.

    Мұндай іс-шаралар белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар спорттың жас пен кәсіпке қарамастан адамдарды біріктіретін күш екенін көрсетеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының мәслихаты" жаңалықтары