Мемлекет басшысының Жолдауы – алдағы жұмыстың негізгі бағдары

    1 / 3

    2026 жылғы 28 қазанда Жарқайың ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауымен танысуға арналған жиын өтті.

    Іс-шараға Жарқайың аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері қатысып, Жолдаудың негізгі бағыттарымен танысты. Онда еліміздің дамуының басым бағыттары мен мемлекеттік органдардың алдында тұрған міндеттер айқындалған.

    Мемлекет басшысының Жолдауы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қызметшілер қызметінің маңызды бағдары болып табылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының мәслихаты" жаңалықтары